Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Елімжан» ордені табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Елімжан» ордені табысталды

20.12.2014
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Елімжан» ордені табысталды

Халқымыздың баға жетпес қазынасы - ұлттық спорт түрлерін  дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттауға арналған бұл шара өткен жылдан бері қолға алынып келеді.

Шара барысында жыл бойы үздік деп танылған 18 спортшыға «Алтын тұғыр» табысталды.

Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Елімжан» орденімен ұлттық спортты насихаттауға еңбек сіңірген «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Қансонар» республикалық қауымдастығының Басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, меценат Базарбай Мұсабеков марапатталды.

Ұлттық ойын түрлерін ұлықтап жүрген спортшыларға арналған кеш Ерлан Рысқали, Нұрлан Албан, Ардақ Балажанова, Ибрагим Ескендір сынды әншілердің және «Аламан», «Белес» топтарының  қатысумен өтті.

Спортшыларға жүлдені еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері табыстады.

Хабарламаларға жазылу