Ғалымдар Алаш автономиясының тарихына қатысты тың деректер ұсынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Алаш автономиясының тарихына қатысты тың деректер ұсынбақ

18.12.2014
Ғалымдар Алаш автономиясының тарихына қатысты тың деректер ұсынбақ

2014 жылдың 19 желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Түркістан мұхтариятынан Алаш Автономиясына дейін: қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық» атты конференция өтеді.

Конференция Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналмақ, деп хабарлайды e-history.kz.

Конференцияға «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ЖОО студенттері қатысады.

Сондай-ақ, шара аясында Алаш қайраткерлерінің мұрағат мұралары, іргелі еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу