Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде азаматтардың және ұйымдардың тұтынушы құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Шұғыл желі» құрылған болатын.
Осы күнге дейін «Шұғыл желі» телефонына 204 адам хабарласып, барлығына ауызша түсіндірулер мен кеңестер берілген.
Мониторинг нәтижесіне сәйкес, шағымдардың басым бөлігі (44,1 пайыз) сауда саласына қатысты: тауарларды қайтып алудан немесе ауыстырудан бас тарту, сапасыз тауар ұсыну, сатушылардың тәртіпсіздігі, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды ұсынбау мәселелері бойынша хабарласқан.
Соның ішінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы - 50 (24,5 пайыз), тұрмыстық қызмет көрсету - 33 (16,1 пайыз) медициналық қызмет - 9 (4,4 пайыз), қоғамдық тамақтану - 5 (2,4 пайыз), білім беру қызметі - 9 (4,4 пайыз).