Елордада 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

05.11.2021

Елордада соңғы екі тәулікте 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттың күрт көбеюі - ауа райының қолайсыздығымен байланысты. Көктайғақтың кесірінен қала көшелерінде кептеліс те пайда болды.

Полиция департаментінің мамандары жүргізушілерді ара-қашықтықты сақтап, жол жүру ережелерін сақтауға шақырады. Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 130 мыңнан аса апат тіркелген. Мыңға жуығында жүргізушілер мас күйінде болған.


Хабарламаларға жазылу