Қазақстанның «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Польшамен байланыс орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Польшамен байланыс орнатпақ

18.12.2014
Қазақстанның «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Польшамен байланыс орнатпақ

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ) және Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы (CASE) серіктестігі Еуропалық одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы аясында қолға алынуда.

Жоба Еуропалық одақпен қаржыландырылады және GDSI Limited консорциумымен іске асырылады.

Серіктестік біріккен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді, ғылыми-әдістемелік кеңестер беруді ұйымдастырады.

Сонымен қатар, қызметкерлерді оқыту мен зерттеушілерге арналған тәжірибе алмасу мен тағылымдамалар бағдарламасын дайындауды қамтиды.

Шара Экономикалық зерттеулер институтының ғимаратында сағат 11.30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу