Қазақстан мен Польшаның экономикалық зерттеу орталықтары арасында байланыс орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Польшаның экономикалық зерттеу орталықтары арасында байланыс орнады

19.12.2014
Қазақстан мен Польшаның экономикалық зерттеу орталықтары арасында байланыс орнады

Бүгін Қазақстанның «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ) мен Польшаның Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы (CASE) серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды.

Серіктестік біріккен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді, ғылыми-әдістемелік кеңестер беруді қолға алмақ.

Сонымен қатар, қызметкерлерді оқыту мен зерттеушілерге арналған тәжірибе алмасу мен тағылымдамалар бағдарламасын дайындауды қамтиды.

ЭЗИ мен CASE келісімі «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы аясында қолға алынды.

Екі ел орталықтары арасындағы байланыс Еуропалық одақтың қаржыландыруымен, GDSI Limited  (Ирландия ) консорциумы арқылы іске асырылады.

Қол қою рәсімінен кейін институт қызметкерлеріне алғашқы дәрісті CASE басқарма төрағасы, ғылым докторы Кристофер Хартвел өткізді.

Айта кетейік, жобаның төрт жылдық (2013-2017жж.) бюджеті– 6,288,000 еуроны құрайды.

Хабарламаларға жазылу