Ақтөбе облысында «Жыл адамы - 2014» атағын 10 адам иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында «Жыл адамы - 2014» атағын 10 адам иеленді

17.12.2014
Ақтөбе облысында «Жыл адамы - 2014» атағын 10 адам иеленді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен орден-медальдар алған азаматтардың арасында кәсіпорын,  ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімі кезінде облыс әкімі аймақтың ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар біртіндеп жүзеге асырылып,  әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ 2014 жылдың қорытындысы бойынша, аймаөтың мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан 20 азаматқа әкімнің сыйақысы тағайындалды. Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қоқаны үшін 10 ақтөбелікке сыйақы берілсе, екі адамға жеңіл көлік табысталды, ал балалар үйінің тәрбиеленушісі  қала орталығындағы пәтерге ие болды.  

Сонымен қатар дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні «Ақтөбе облысының жыл адамы -2014» атағына 10 адам лайық деп танылып, ақшалай сыйақы алды. Ал, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Владимир Авраменко мен ІІ Дүниежүзілік соғысының ардагері Мұса Алданиязовқа берілді. 

Хабарламаларға жазылу