«Жігіттердің» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жігіттердің» концертін көріңіз

15.12.2014
«Жігіттердің» концертін көріңіз

«Жігіттер» – тек қана қазақтың әндерін, оның ішінде дәстүрлі әндерін жаңғыртып, жаңаша орындайтын ерекшелігі бар топ.

Топ алғаш 2003 жылы Шымкент қаласында өнерлі төрт жігіттің басқосуымен және продюсер Ерғали Әбдіраймовтің қолдауымен құрылған.  2005 жылы топтың алғашқы «Ерке қыз» атты дебютті үнтаспасы жарық көрді.

Дәл осы атпен 2006 жылы Республика сарайында «Жігіттер» тобы тұңғыш рет халық алдында жеке есеп беру концертін өткізді. Араға жылдар салып, топ халық алдында тағы есеп берді.

Бүгін Ұлттық арнадан 19.30-да «Жігіттер» тобының шығармашылық кешін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу