Рамазан Стамғазиевтің концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рамазан Стамғазиевтің концертін көріңіз

13.02.2016
Рамазан Стамғазиевтің концертін көріңіз

Рамазан Стамғазиев – Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосы­нов, Қанат Омарбаев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды біртуар тұлғалардан дәріс алған әнші.

Бұл турасында өзі: «Ең алғаш оқуға түсерде, қазақтың біртуар мықты әншісі Жәнібек Кәрменов қабылдап алған. Одан кейін Қайрат Байбосынов ағамыздың сыныбына түсіп, осы сыныпты аяқтап шықтым. ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев та кәсіби әнші ретінде қалыптасуыма әсер етті. Кейіннен сахналық мәдениетке үйреткен ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов болды. Осы ұстаздарымыз біздерді сахнаға «қашап», дайын кәсіби әртіс етіп шығарды»,-дейді.

Әншінің  орындауындағы «Сары бидай», «Дариға дәурен», «Ойламаңдар, жігіттер» секілді әндері халықтың ерекше сүйіп тыңдайтын туындыларына айналғалы қашан?

Бүгін әншінің «Қоңыр әуен» атты  шығармашылық кешін Ұлттық арнадан сағат 13:30-да тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу