Көзешілік – көне өнер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көзешілік – көне өнер

15.12.2014
Көзешілік – көне өнер

Қыштан бұйым жасау – өте ертеде пайда болған қолөнер түрі. Қазақ халқы да көзешілікпен етене таныс. Ұлттық дәстүрді жаңа заман теориясымен ұштастырып жүрген айтулы шебердің бірі – Марат Сәрсебайұлы.

Оның саз балшықты ермек еткеніне 40 жылдың жүзі болыпты.  «Сонда да түбіне жете алар емеспін»,-дейді өзі.

«Бұл өнердің қыр-сырын меңгеріп болу – мүмкін емес шығар. Шексіз-ау деймін. Негізі, қай салада болсын, адам сол жұмыстың түбіне жете алмас. Бұл – шексіздік. Әрине, мұның технологиясы күрделі. Сол күрделілікке жету үшін оның қиындығын да, қызығын да көресіз»,-дейді көзеші Марат Сәрсебайұлы.

Көзешінің қолынан жылына жүздеген ыдыс-аяқ пен сәнді бұйымдар шығады. Оларды күнделікті тұрмыста қолданып, кәдесый ретінде сыйға тартуға болады.

Хабарламаларға жазылу