Қарағандыда «Жекпе-жек» айтысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Жекпе-жек» айтысы өтеді

15.12.2014
Қарағандыда «Жекпе-жек» айтысы өтеді

21 желтоқсан күні Қарағанды қаласында «Жекпе-жек» айтысы өтеді. Бұл айтыс турасында «Таңшолпанда» қонақта болған айтыскер ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және айтыскер ақын «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері Сара Тоқтамысова  айтып берді.

«Бұл Сара екеуміздің ойымызда көптен жүрген тың жоба. Сонау Біржан салдың саңлақ Сарыарқаның  төрінен Жетісудың беліне Сараны іздеп барып айтысқаны секілді немесе сонау Жетісудағы Сүйінбай бабамыздың Қырғыз Алатауындағы Қатағанды іздеп барып, айтысқаны секілді – екі ақынның ғана ортасында болатын жекпе-жек айтыс. Бұған әдеттегідей сегіз немесе он  ақын қатыспайды. Тек екі ақын айтысады»,-дейді Аманжол ақын.

«Аманжол аға айтып кеткендей, бұл үрдісі бөлек айтыс болғалы тұр. Негізі Аманжол аға екеуміздің қай айтысымызды қарасаңыз да, өзінше бір ерекше. Беделі де биік, дәрежесі де жоғары айтыстар. Менің бұл кісімен айтысқан сайын, шабытым ашылады»,-дейді Сара Тоқтамысова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу