Дерек Чисора: Владимир Кличконы сұлатып саламын! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дерек Чисора: Владимир Кличконы сұлатып саламын!

03.01.2014
Дерек Чисора: Владимир Кличконы сұлатып саламын!
Британдық боксшы Дерек Чисора украиндық Владимир Кличкомен  жекпе-жек өткізуге ниетті, деп жазады шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары.
 
Бұл арқылы Чисора оның ағасы Виталий Кличкода кеткен есені қайтармақ. Сол жекпе-жекте британдық боксшы Виталий Кличкодан ұпай санымен ұтылған еді.  
 
Бірақ, Чисора алдымен украиндық боксшы Андрей Руденконы жеңуі керек. Бұл жекпе-жек 15 ақпан күні Лондонда өтеді.
 
Кәсіпқой бокста Дерек Чисора 22 жекпе-жек өткізген. Оның еншісінде 19 жеңіс және 3 жеңіліс бар.

Хабарламаларға жазылу