Оңтүстік Қазақстан облысында бау-бақша мен астық өнімдерін жинау аяқталып қалды. Дегенмен, ауа-райының күрт өзгеруі мақта жинау ісіне өзіндік кедергісін келтіре де бастаған. Бұл туралы Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Ерсұлтан Әмірбек хабарлады.
Облыста күріш дақылы 3 мың 200 гектар алқапқа егіліп, түгелдей орылып алынды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастанов: «Гектарына 54 центнерден өнім алынып, қамбаға бас-аяғы 17 мың тонна күріш жиналды. Десек те, күн райының күрт бұзылуы мақта жиын теріміне кері әсерін тигізіп отыр. Өйткені, 265 мың тонна шитті мақта жинау межеленсе, әзірге соның тек, 82 пайызы жинап алынды», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастанов.
Күн райының қолайсыздығы күздік егіске де кесірін келтіріп отыр. 122 мың гектар күздік егу жоспарланса, әлі 10 мың гектар алқапқа күздік егіп үлгермеген. Алайда, егіске қажетті тұқым толық қамтамасыз етілген. Ауыл шаруашалғы мамандары оңтүстік аймақта әлі де күн жылынып, қараша айының орта шенініне дейін күздік-жиын терімді толықтай жинап аларына сенімді.
Kaznews.kaztrk.kz