Тағдырлы ақын Айжарық Абылқасым – «Сен жанымда жүрсең», «Ең бақытты шақтарым», «Махаббатым менің» сынды оқырман ықыласына бөленген көптеген жыр жинақтарының авторы.
«Екі қолымнан да жан кетті. Сол кездері үйдегілер қаламды саусақтарымның арасына қыстырып береді. Сосын оның сыртынан дәкемен орап, үлкен ақ қағазға өлең жазатынмын...».
«Қазақтың Корчагині» атанған ақын шығармашылығымен бүгін 13.00-де «Поэзия әлемінен» таныса аласыздар.