Алматыда спорттық медицина дамуының көкейкесті мәселелері талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда спорттық медицина дамуының көкейкесті мәселелері талқыланады

10.12.2014
Алматыда спорттық медицина дамуының көкейкесті мәселелері талқыланады

2014 жылдың 11-12 желтоқсанында, ашылуы сағат 10:00-де, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Cпорт және мәдениет сарайында «Қазіргі кезеңдегі спорттық медицина дамуының көкейкесті мәселелері» атты халықаралық семинар-мәжіліс өтеді.

Семинардың жұмысына Армения, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның спорттық медицинасының өкілдері, Қазақстан Республикасы құрама командаларының дәрігерлері, Қазақстан Республикасының бас, аға жаттықтырушылары, спорт ұйымдарының басшылары, спорт түрлері бойынша кешенді ғылыми топтардың қызметкерлері қатысады.

Фото: rappoportmed.com

Хабарламаларға жазылу