Спорттық медицина орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорттық медицина орталығы ашылды

27.09.2019

Елімізде алғаш рет осы заманға сай жаңа спорттық медицина және оңалту орталығы ашылды.

Инновациялық кешен Алматы облысы, Талғар ауданындағы Олимпиадалық даярлық базасында орналасқан. Орталықта Ұлттық құрама командаларының спортшыларына сапалы қызмет көрсететін білікті мамандар жұмыс істейді. Олар әр спортшының денсаулығын жіті қадағалап, емдейді. Бастысы, мұнда озық технологияларға негізделген құрал-жабдықтар қойылған. 

Сонымен қатар, медициналық орынның ашылуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция да өтті. Оған Халықаралық олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің өкілдері және басқа да елдерден арнайы спикерлер келіп қатысты. Сарапшылар спорттық медицина саласындағы маңызды мәселелерді талқылады.

Жігер Әзберген, Ұлттық олимпиада комитетінің ресми өкілі:

Ұлттық командалардың жаттығу жиындары осы жерде өтеді. Сондықтан кез келген уақытта медициналық орталықтың көмегіне жүгінуге болады. Бапкер, дәрігермен кеңесіп, спортшының қай тұсына көңіл бөлу керек, қай жері сыр беріп жатыр - соның бәрін бақылауда ұстап отыруға өте қажет. Жалпы, осы орталыққа келген спортшылардың мәліметтері электрондық базаға енгізіледі.

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу