Бүгін Елбасы Н.Назарбаев Ақордада Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттың сенім грамоталарын қабылдады.
Атап айтқанда, ҚР Президентіне Италияның Төтенше және өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс етті.