«Үздік тележүргізуші» - Бейсен Құранбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үздік тележүргізуші» - Бейсен Құранбек

05.12.2014
«Үздік тележүргізуші» - Бейсен Құранбек

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Жыл таңдауы» байқауында «Үздік тележүргізуші» Бейсен Құранбек деп танылды. Оны «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі Оразалы Сұлтан Шәріпұлы марапаттады.

Бейсен Құранбек – «Айтуға оңай...» ток-шоуының продюсері және жүргізушісі. Бағдарлама дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 21:05-те эфирге шығады.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара. Жеңімпаздар «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде анықталды.

Хабарламаларға жазылу