Теміртаулық Татьяна Потемкина Гамбургте (Германия) өткен гір спортынан Әлем чемпионытының алты дүркін жеңімпазы атанды.
Гір спортынан Әлем біріншілігіне 56 мемлекеттен 520 спортшы қатысқан. Отандасымыз 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің басты қрасыластары ресейлік және шотландиялық спортшыдан басым түскен.
Әлемнің алты дүркін жеңімпазы 2015 жылы Испанияда, ал 2016 жылы Қазақстанда өтетін дүниежүзілік додаларда сәтті өнер көрсетіп, еліміздің көк байрағын аспанға көтеруді жоспарлап отыр.