Қазақстандық спортшы муай-тайдан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшы муай-тайдан Әлем чемпионы атанды

27.03.2019

Тайландта жастар арасында өткен муай-тай жекпе-жегінен Сағынбек Хасанов Әлем чемпионы атанды. Ол - атыраулық «Қамал» спорт клубының шәкірті. Байрақты бәсекеге қатысқан 8 спортшының 2-уі күміс, 5-уі қола жүлдеге ие болды.

Сағынбек Хасановтан бөлек, Хамза Ғазиз бен Шыңғыс Елеубаев қола жүлдені қанжығасына байлады. Паттая қаласында жеңіспен оралған спортшыларды жерлестері Атырау халықаралық әуежайынан қарсы алды.

Сағынбек Хасанов, муай-тай спортынан әлем чемпионы:

- Жарыс жоғары дейгейде өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу