Батырлар бейнесін сомдаған актер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батырлар бейнесін сомдаған актер марапатталды

03.12.2014
Батырлар бейнесін сомдаған актер марапатталды

Салтанатты кеште «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Ерлан Біләлға Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Әбділдаұлына Бауыржан Момышұлы атындағы орден - Қазақ театр сахнасындағы батырлар бейнесін сахналағаны үшін, ұлттық кейіпкерлерді биігіне жетікізіп сомдаған талантты актерлік шеберлігі үшін табысталған.

Ол қазақ сахнасында М.Әуезовтың «Қилы заман» драмасында Ұзақ батыр, Д.Исабековтің «Жаужүрек» драмасындағы Балуан Шолақ, Иран- Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» қойылымында Құнанбай рөлдерін сомдаған актер.

Даңқты қолбасшы, Халық батыры Б.Момышұлы атындарғы бұл сыйлық биыл екі актерге берілді.

Естеріңізде болса, осы жылдың ақпан айында «Бауыржан Момышұлы» фильміндегі басты рөлді ойнаған жас актер Еркебұлан Дайыров «Намыс» медалімен марапатталған болатын.

Хабарламаларға жазылу