Павлодарда аптаның соңына дейін 20 мұз айдыны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда аптаның соңына дейін 20 мұз айдыны ашылады

02.12.2014
Павлодарда аптаның соңына дейін 20 мұз айдыны ашылады

Қазіргі таңда Павлодарда 10 корт құйылып жатыр, ал аптаның соңына дейін барлығы ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Спортсервис» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жетекшісі Тілеукен Сейітовтің айтуынша, бүгінгі күні облыс орталығында оныншы мұз айдыны дайын тұр.

- Өткен жылы Павлодар қаласында 18 мұз айдыны жұмыс істеген. Биылғы қыста жергілікті биліктің қолдауымен олардың саны артып, қызмет сапасы да жақсармақ. Облыс орталығында сонымен қатар конькиді жалға алудың 5 пункті және Усолка шағын ауданы мен «Зеленая роща» базасы қызмет көрсетеді- дейді ол.

«Спортсервис» кәсіпорны аталмыш мұз айдындарына қыс бойы күтіп, қардан тазалау жұмыстарын атқарады.

Хабарламаларға жазылу