1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады

25.04.2016
1 мамырда «Алау» мұз айдыны сарайында жазғы маусым ашылады

Келушілер ролик теуіп, үстел теннисін және бадминтон ойнап, уақыттарын көңілді өткізе алады. Ал жазда коньки тепкісі келетін жандар үшін орталық аумағында арнайы корт жасалмақ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жазғы спорт орталығы сейсенбі-жексенбі күндері жұмыс істеп, дүйсенбі күні демалады. Бірінші сессия сағат 10.00-13.00, екінші сессия сағат 14.00-17.00, ал үшінші сессия сағат 18.00-21.00 дейін жалғасады.

«Алау» мұз айдыны сарайына келушілерге ұзындығы 400 метрлік бірегей роликодром, теннис үстелдері мен бадминтон ойнауға арналған алаңдар ұсынылады. Сонымен қатар, алаң аумағында жағажай волейболын, футбол мен шағын-гольф ойнауға болады.

1 мамырда «Алау» сарайында ашық есік күні өтеді. Орталық сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу