Германияда «Эбола» індетімен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған арнайы ұшақ жасалды. Әуе көлігі ГФР үкіметінің тапсырысы бойынша дайындалған.
Ұшақ «Lufthansa» әуе компаниясының алысмагистральді «Airbus A340-300» ұшағы негізінде жасалған. Көліктің бортына инженерлер герметикалық карантиндік станция орналастырған. Ол экипаж мүшелері вирус жұқтырмас үшін жеке желдеткіш жүйесіне қосылған. Ұшақты тек Германия ғана емес, сонымен қатар, басқа елдер де пайдалана алады.
Көлік Батыс Африкадан «Эбола» індетін жұқтырған науқастарды тасымалдау мақсатында қолданылады. Мұнда науқастарды ұшақ ішінде де емдеуге мүмкіндік бар. Әуе көлігі әйгілі неміс микробиологы әрі дәрігері Роберт Кохтың есімін иеленді.
Айта кету керек, «Эбола» вирусы 2014 жылдың ақпан айында Гвинеяда пайда болды. Кейін бұл дертпен Либерия, Сьерра-Леоне, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы және Сенегал тұрғындары ауыра бастады.