Елордада «Ғасырда дара туған биік тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ғасырда дара туған биік тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

27.11.2014
Елордада «Ғасырда дара туған биік тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталықта ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ғасырда дара туған биік тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Шара ҚР Ұлттық мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияның негізгі мақсаты - ғылыми жарыстардың, олимпиадалардың, «Елордалық білім берудің көшбасшы оқушысы» атты қалалық зияткерлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстанның тарихымен және президенттік биліктің маңыздылығымен, ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттің қалыптасуындағы және елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүргізудегі ролімен таныстыру.

Шараға қатысушылар Ұлттық мұрағат бойынша экскурсияға қатысты.

Шара соңында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен «ҚР Ұлттық мұрағаты» РММ арасында одан әрі ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды.  

 

Хабарламаларға жазылу