«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистерді марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистерді марапаттады

26.11.2014
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистерді марапаттады

Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистер арасында ұйымдастырылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Байқауға еліміздің 24 қаласынан 109 тілші қатысқан. «Қазақ тіліндегі үздік телесюжет» аталымы бойынша «Алматы» телеарнасының тілшісі Үмбетәлі Меймеш үздік болса, орыс тіліндегі үздік сюжет «Жастар Корпорациясы» атты тележобасымен «Рика-ТВ» арнасының тілшісі Марина Васильеваға берілді.

«Қазақ тіліндегі үздік радиосюжет» аталымы бойынша «Қазақстан-Тараз» радиосының тілшісі Мақұлбек Малдарбековтің жұмысы үздік деп танылса, орыс тіліндегі радиожурналистер арасында бірінші орын қостанайлық «Караван новостей» радиосының тілшісі Константин Должанскийге бұйырды.

Ал, «Мерзімді баспасөздегі үздік жарияланым» аталымы бойынша «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева мен «Сапа Талдықорған» газетінің тілшісі Ксения Клеева жеңімпаз атанды.

 «Ғаламтордағы үздік мақала» аталымы бойынша «ҚазАқпарат» ХАА Алматыдағы тілшісі Жаппарберген Айбота үздік деп танылды.

Ал, «Даму» қоры тағайындаған «Кәсіпкерлікті қолдауды белсенді насихаттағаны үшін» арнайы сыйлығы «zakon.кz» тілшісі Торғын Нұрсейітова мен «Панорама» басылымының журналисі Николай Дрозд, «Қазақ радиосының» редакторы Рита Сәрсенге бұйырды.

Хабарламаларға жазылу