Зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіле бастады

11.01.2022

Алматыдағы оқиғалардан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіле бастады. «Бәйтерек» холдингінің ұжымы бір күндік жалақысын аударады. Шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» әрбір кәсіпкерге жеке тәртіпте қолдау көрсетуге дайын. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін корпорация мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының кредиттері бойынша мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл мен айыппұл есептемейді. «Отбасы банк» және «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» да осындай шешім қабылдап отыр. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске қосылады. Бұл - халықтың осал топтары үшін үлкен қолдау.

Хабарламаларға жазылу