Тіркелмеген нөмірлерді ажырату халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді - А.Жұмағалиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіркелмеген нөмірлерді ажырату халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді - А.Жұмағалиев

25.11.2014
Тіркелмеген нөмірлерді ажырату халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді - А.Жұмағалиев

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің партияның Сайлауалды тұғырнамасы бойынша өткен бірлескен отырысында айтылды.

 «Бұл бағыттағы шаралар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Телефонды пайдалану үшін оның тиісті тіркеуі болуы керек. Мұндай норма бұрыннан бекітілген.

Бұл - құқық қорғау органдары жұмысы мен қоғам қауіпсіздігі үшін қажетті шара. Нөмірлерді міндетті тіркеу халықаралық тәжірибемен нақтыланған», - деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі  Асқар Жұмағалиев

Вице-министр нөмірлерін тіркемеген абонеттер 3 пайыздан аспайтындығын жеткізді.

Айта кетейік, жоғарыда аталған талапқа сай, тіркеу мәліметтері жоқ абоненттік нөмірлерге 2014 жылғы 1 желтоқсанннан бастап, ұялы байланыс қызметін көрсету тоқтатылады.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу