Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин салмақтың түрлi деңгейiне байланысты Қанат Исламмен жекпе-жек өткiзу қисынсыз әңгіме деп отыр. Бұл туралы ол Астанада отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.
"Бұл әзiрге тек сөз жүзiнде ғана. Бiрақ, орындалмайтын ештеңе жоқ. Бiз қазiр түрлi салмақ деңгейiндемiз. Бұл жекпе-жек өткізу дәп қазiр қисынсыз. Ол рейтингтiң басқа деңгейiнде орналасқан", - деп атап өттi боксшы.
Оның ойынша, Қанаттың тарапынан болған шақыруды боксшының өзi жасамаған болуы ықтимал.
"Мен Қанатты бұрыннан танимын. Менiңше ол жеке өзi менi жекпе-жекке шақырмауы мүмкiн. Оны оның бапкерi жасаса керек", - дейдi Головкин.