Тәуелсіздік күні Қуат Хамитов Қазақстан халқына жеңіс сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні Қуат Хамитов Қазақстан халқына жеңіс сыйлады

17.12.2016
Тәуелсіздік күні Қуат Хамитов Қазақстан халқына жеңіс сыйлады

16 желтоқсан күні Мәскеуде  Fight Nights Global  жүйесі бойынша қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Гаджи Рабадановпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек 3 раундқа созылып, отандасымыздың қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетуімен аяқталды. 

Бұл кездесу - «Найман» деген лақапатқа ие спортшының кәсіби мансабындағы 25-ші жекпе-жегі. Соның 20-сында жеңіске жетіп, төртеуінде есе жіберсе, тек біреуінде тең түскен.

Бұл кеште тағы бір қазақстандық  аралас жекпе-жек шебері  Жұман Жұмабеков өнер көрсетті. Өкінішке орай, ол жекпе-жекте қарсыласы -  ресейлік Никита Чистяковтан жеңіліп қалды.

Жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

 

Хабарламаларға жазылу