Саид Аль-Барами: Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуды дер кезінде қолға алып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саид Аль-Барами: Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуды дер кезінде қолға алып отыр

21.11.2014
Саид Аль-Барами: Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуды дер кезінде қолға алып отыр

Қазақстан Республикасындағы Оман сұлтандығының Төтенше және Өкілетті елшісі Саид Аль-Барами: «Елбасы белгілеген жаңа бағыттарды ұстанса, ел «Қазақстан-2050» стратегиясындағы мақсаттарға мерзімінен бұрын жетеді»,-дейді.

Елшінің ойынша, ел Үкіметі шағын және орта бизнесті дамытуды дер кезінде қолға алып отыр.

«Шетелдік инвесторлардың да оңай келіп, еш қиындықсыз өз ісін гүлдендіруіне ел Үкіметі қолайлы жағдай жасап отыр. 2017 жылы өтетін EXPO көрмесі экономикалық өсім үшін қажетті шара болғалы тұр»,-дейді ол.

Оман сұлтандығы елшісінің сұхбатын бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу