Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау тетіктері жетілдіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау тетіктері жетілдіріледі

22.05.2019

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты. Осы ретте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тағы 5 жылға, яғни 2025 жылға дейін ұзартылып отыр.

Қазіргі күні құжаттың тұжырымдамасы жасалып, оның тың бағыттарын айқындайтын жұмыс тобы құрылған. Бағдарламаға кәсіпкерлікті кепілдендіру үшін несие көлемін ұлғайту жолымен кепіл бойынша жүктемені азайту, микроқаржылық ұйымдарды тарту, айналым қаражатын несиелеу үлесін арттыру, кәсіпкерлердің тиімді жобаларына талаптарды күшейту, мемлекеттік бағдарлама және басқа да құралдарды ұлғайту сынды маңызды шаралар енгізілмек.

Айта өтейік, қазіргі күні елімізде 1 млн 200 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Ермек Алпысов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Бұл шаралар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, оның ел экономикасына үлесін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Кәсіпкерлікке қамқорлық жасау маңызды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу