Ұлыбританиялық Ламфора университетінің түлегі Джеймс Роберт шала туған шараналарға арналған құрылғы ойлап тапты. Осы еңбегі үшін ол жыл сайын өтетін жас өнертапқыштардың James Dyson Award бәйгесінде жеңімпаз атанды.
Оның мұндай құрылғыны ойлап табуына әскери босқындар лагеріндегі шала туған шараналар туралы деректі фильм әсер еткен. Құрылғы жиналмалы және өзіңмен алып жүруге қолайлы. Оны оңай құрастырып әрі жинап алуға болады.
Тек үрлесеңіз болғаны. Ол үшін электр желісіне қосуға болады.
Құрылғы қажетті температура және ішіндегі ылғалдылықтың бірқалыпты сақталуын да қамтамасыз етеді. Фототерапиялық қызмет те көрсетеді. Электр сөнген жағдайда автокөліктің аккумуляторына қосылса, тәулік бойы жұмыс істей береді.
pavlodarnews.kz