ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші, композитор, өнер зерттеуші Қайыржан Мақанов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, Ахмет Байтұрсыновтың әндеріне қатысты зерттеулері турасында әңгімелеп берді.
«Алаш арыстары – Ахаң, Жақаң, Мағжан, Жүсіпбек және т.б. тек қана мемлекет, қоғам қайраткері, ақын, фольклоршы, жазушы болғанымен, олардың барлығы ән де шығарған. Мұны осы арыстарды көрген азаматтар да қатар айтқан. Алайда, бұл тұлғалар ауыз толтырып айтарлықтай композитор бола тұра, ешқайсысы «ән шығардым», демеген»,-дейді өнер зерттеушісі.
«Бүгінге дейін халық әні саналып келген «Аққұм», «Қарагөз», «Қарғаш» және т.б. әндер – Ахаңдікі. 1925 жылы «Қазақтың 1000 әні» және 1931 «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинағын шығаруға Ахаң тікелей атсалысқан. Комиссия басшысы бола тұра, Ахаң еш жерде «Бұл әндерді мен шығарған едім», демеген».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.