Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Инчхондағы XI жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің салтанатты шеруі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Мерекелік шара би флешмобынан басталды. Оған елордалық оқу орындарының 100-ден аса студенті қатысты.
Қазақстанның паралимпиадалық спортын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшыларға төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды.
Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын оқып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарға сертификаттар табыстады.
Чемпиондар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы Паралимпиада ойындары 18-24 қазан аралығында өтті.
Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс пен 11 қола медальға қол жеткізген еді.