Ақын Толқын Қабылша турасында замандастары: «Оның өлеңдерінен жасандылық көрмейсің. Өлеңдеріне қарап, өзін көруге болады. Оның тазалығы өлеңдерінен-ақ көрініп тұрады»,-дейді.
«Өлеңге сырласып, бар мұңыңды шаққаннан кейін ғана жан-дүниең жеңілдеп, сергіп қаласың. Көкте қалқып ұшып жүргендей, әдемі сезімді бастан кешесің. Оны ешкімге түсіндіре де алмайсың...».
Бүгін 13.00-де «Поэзия әлемін» көріңіз.
Біздің анықтама:
Қабылшаева Толқын Шахарбекқызы – 1980 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері. «Жаныммен жалғыз кешкем мұң» жыр жинағының авторы.
«Сыр бойы ақындарының антологиясына» жырлары енген. Республикалық «Жалын», «Үркер» басылымдарында өлеңдері жарық көріп тұрады. Республикалық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері.
Бірнеше өлеңдеріне белгілі сазгер И.Елубаева ән жазып, «Күз кеуде», «Жадымда», «Асыл әке» атты әндері тыңдарман қауымының сұранысына ие.
Біздер,сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің,біздер,сірә,
бөтенбіз?!
Бәлкім,бәлкім,
болдық іңкар бекер біз?
Жапырағы желмен ұшып жоғалған,
Қайда барып,
паналайды екен күз?
Сол күз ғайып,
Біздің жаққа қыс келді.
Мен ұмыттым,
өзің жайлы түстерді.
Қанатымен қиқу қағып аспанда,
Сонау көктен танытады құс белгі.
Сонау көктен,
Сыбырлайды таныс үн.
Сағынбайды ол,
«Сендік сезім, бәрі сын…»
Жақының да,жалғызың да емес,ол!
Бәлкім,бәлкім,
ең аяулы танысың?
Күрсініс пе,қимастық па?
Қол бұлғап.
Қарды құшып, күмілжиді біздің бақ.
«Көктем әлі бір келер» деп мен жүрмін,
Қайда жүрсіз?
Мен ұнатқан күзді ұрлап?
Іздемейсің,біздер,сірә,
бөтенбіз?!
Бәлкім,бәлкім,
болдық іңкар бекер біз?
Жапырағы желмен ұшып жоғалған,
Қайда барып,
паналайды екен күз?
Сол күз ғайып,
Біздің жаққа қыс келді.
Мен ұмыттым,
өзің жайлы түстерді.
Қанатымен қиқу қағып аспанда,
Сонау көктен танытады құс белгі.
Сонау көктен,
Сыбырлайды таныс үн.
Сағынбайды ол,
«Сендік сезім, бәрі сын…»
Жақының да,жалғызың да емес,ол!
Бәлкім,бәлкім,
ең аяулы танысың?
Күрсініс пе,қимастық па?
Қол бұлғап.
Қарды құшып, күмілжиді біздің бақ.
«Көктем әлі бір келер» деп мен жүрмін,
Қайда жүрсіз?
Мен ұнатқан күзді ұрлап?
Іздемейсің,біздер,сірә,
бөтенбіз?!
Бәлкім,бәлкім,
болдық іңкар бекер біз?
Жапырағы желмен ұшып жоғалған,
Қайда барып,
паналайды екен күз?
Сол күз ғайып,
Біздің жаққа қыс келді.
Мен ұмыттым,
өзің жайлы түстерді.
Қанатымен қиқу қағып аспанда,
Сонау көктен танытады құс белгі.
Сонау көктен,
Сыбырлайды таныс үн.
Сағынбайды ол,
«Сендік сезім, бәрі сын…»
Жақының да,жалғызың да емес,ол!
Бәлкім,бәлкім,
ең аяулы танысың?
Күрсініс пе,қимастық па?
Қол бұлғап.
Қарды құшып, күмілжиді біздің бақ.
«Көктем әлі бір келер» деп мен жүрмін,
Қайда жүрсіз?
Мен ұнатқан күзді ұрлап?