Бүгін қалалық Ішкі саясат бөлімі мен «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен академик, Гомбольд сыйлығының иегері Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер байқауы өтеді.
Шараның мақсаты - өңірдегі математика саласында үздік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жастарды ынталандырып, жігерлендіру, жас математиктер базасын құру.
Байқау аясында А.Жұмаділдаевтың шеберлік сыныбы өткізіледі.