Кездесу барысында екіжақты және өңірлер арасындағы мәселелер талқыланды.
Ж.Түймебаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктерінен хабардар ете отырып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол» атты Жолдауының негізгі тармақтарын баяндады.
Сондай-ақ, Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
Губернатор М.Кылычлар екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму саласы бойынша жетістіктерін атап өтті.