ҚАЗҰУ сарапшылары қаңтар оқиғасын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚАЗҰУ сарапшылары қаңтар оқиғасын талқылады

20.01.2022
ҚАЗҰУ сарапшылары қаңтар оқиғасын талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев оқу орнындағы ғалым-сарапшылармен кездесу өткізді. Онлайн форматта өткен жиынға қатысушылар қаңтар оқиғасын талқылады.

«Кездесудің негізгі мақсаты – оқиғаға ғылыми тұрғыда талдау жасап, себебін анықтау. Бізге еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы бойынша ұсыныстарды дайындау қажет. Парламентте сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев толық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандыру, шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу сынды нақты міндеттер қойды», – деді ЖОО ректоры.

Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев сарапшыларға нақты міндеттерді айқындап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Кездесу барысында заң ғылымының докторы Алуа Ибраева мен Дәулет Байделдинов, саяси ғылымдар докторы Сейілбек Мұсатаев, география ғылымының докторы Шерипжан Надыров, профессор Аманжол Қалыш, экономика ғылымының докторы Болат Мұхамадиев, философия ғылымының докторы Бекжан Мейірбаев сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Қаңтар оқиғасына сараптамалық баға берді.


Хабарламаларға жазылу