«Бұл британдық Карл Дженкинстің «Шәкәрім» және «Абай» сюиталарының әлемдік тұсаукесері. Classic FM нұсқасы бойынша ол ең танымал және қазіргі заман композиторларының ішінде ең көп сатылатын ондыққа енген», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, дирижерлікті автордың өзі жасайды. Ал, оның шығармалары өнерсүйер қауымға Марат Бисенғалиевтің басқаруымен Алматы симфониялық оркестрінің орындауында таныстырылады.