Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басымды бағыттардың бірі білім беру жүйесін дамыту.
Елордада білім беру нысандарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл 10 700 орынға есептелген 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі кезде 6 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл туралы Астана қаласының Құрылыс басқармасы хабарлайды.
Әрқайсысы 1200 орынға есептелген мектептер № 41 және Л. Мирзоян көшесінің қиылысында, № 50 көше мен Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде; Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, Жұмабаев көшесінің шығысында; Керей ,Жәнібек хандар көшесі, Орынбор және Түркістан көшелерінің орамында; Еңбекшілер, Орынбор және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Сығанақ көшесінің оңтүстігінде орналасқан.
5 575 орынға есептелген алты мектептің құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ, Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында орналасқан 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін 5 балабақша мен 1 260 орынға есептелген 1 қосымша ғимарат салынып бітеді.