2015 жылы елімізде 175 жаңа мектеп салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы елімізде 175 жаңа мектеп салынған

24.11.2015
2015 жылы елімізде  175 жаңа мектеп салынған
2015 жылы елімізде  175 жаңа мектеп салынған

Елімізде жыл сайын жүздеген жаңа мектептер салынады. Бұл ескірген білім ордаларын жаңғырту үшін жасалып жатқан шара. 2015 жылы ел бойынша 175 жаңа мектеп салынған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

Білім министрінің сөзіне қарағанда елімізде әлі де апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ емес. Жыл сайын апатты жағдайдағы мектептердің орынына жаңалары салынып жатқанымен ел бойынша әлі 155 апатты жағдайдағы мектеп бар. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептердің саны да аз емес. Дегенмен, мемлекет тарапынан бұл мәселелерді шешу үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу