Орақ тілді ақындар бүгінде нені мұңдап жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орақ тілді ақындар бүгінде нені мұңдап жүр?

12.11.2014
Орақ тілді ақындар бүгінде нені мұңдап жүр?

Бұрнағы кезең мен бүгінгі айтыстың арасы жер мен көктей. Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта киелі өнердің  көкжиегі кеңейген уақыт. Десе де, от ауызды, орақ тілді ақындарымыз бүгінгі күні нені мұңдап, нені жырлап жүр?

Айтыс десе, делебесі қозбайтын қазақ жоқ, десек болады. Сүйінбай мен Жамбылдан мұра болып қалған қастерлі өнер бұл күні қанатын кеңге жайып, тың сипат алды. Тамырын тереңге жайған халық ауыз әдебиетінің бұл түрін бабадан қалған аманат деуге болады.

«Біздің кешегі аға буын ақындарымыздың бойындағы кей қасиеттер қазіргі жастарда жоқ, әрине. Ол мақам тұрғысынан, сөз саптау тұрғысынан болсын.  Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс  айтыстың іргетасын қалап кетті», -дейді айтыскер ақын Мұхтар Ниязов.

Ғасырлардан жалғасып келе жатқан халықтық өнер қаймағы бұзылмаған қалпы өз даралығын өзге жұртқа танытып келе жатқан төл мәдениетіміз саналады. Сондықтан, бүгінгі айтыстың мәртебесі – ұлт мәртебесімен пара-пар.

Хабарламаларға жазылу