Шымкентте Жеңістің 70 жылдығына орай, ардагерлер арасында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық байқауы өтуде.
Шара мақсаты - ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру, жастардың бойына олардың асыл қасиеттерін, үлгі-өнегесі мен тәлім-тағылымын сіңіру.
Екі күнге жалғасатын байқауға 130-дан астам үміткер қатысуда.
Олар ән, би, қылқалам, қолөнер шеберлігі, айтыс жанры бойынша бақ сынасады.
Фестиваль-байқауға қатысқан үміткерлер арнайы жүлделермен марапатталады, деп хабарлайды otyrar.kz.