Астанада мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша мекемелер арасында байқау өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша мекемелер арасында байқау өтуде

21.10.2015
Астанада мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша мекемелер арасында байқау өтуде

Қазан айының 6-26-сы аралығында медицина мекемелері арасында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауы өтеді. Аталмыш шараға қаланың 37 медициналық ұйымы қатысуда. Бақылау қорытындысы 30 қазанда мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы отырысында қаралады.

Айта кету керек, бұған дейін бұл байқау білім беру және мәдениет мекемелері арасында өткен.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы жоспарлы жұмыстар атқаруда.

Солардың бірі – тіл оқыту курстарын жүйелі ұйымдастыру. Жыл басынан бері 1500 тыңдаушы мемлекеттік тіл курсын тәмамдады. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері, сондай-ақ, өз еркімен өтініш білдірген қала тұрғындары бар. Сонымен қатар, қыркүйек айынан бастап Астананың 66 мекемесі мемлекеттік тілді үйрену курсымен қамтылды.

Хабарламаларға жазылу