Алматыда «Қазақша тонау» криминалды комедия жанрындағы кинофильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Режиссер Қайыржан Орынбеков түсірген фильмде танымал қазақстандық актерлер Аружан Жазылбекова, Байкенже Белбаев, Ерік Жолжақсынов, Жандос Айбасов ойнайды.
Фильм қызықты да қауіпті оқиғаларға тап болатын төрт достың өмірі туралы баядайды. Кинода шытырман және күлкілі жағдайлармен қатар махаббат туралы оқиға да орын тапқан.
Қ.Орынбековтың алғашқы фильмінің тұсаукесері 2014 жылдың 6 қарашасында өтеді.