Мүмкіндігі шектеулі жандар EXPO-2017 көрмесіне кәдесыйлар жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар EXPO-2017 көрмесіне кәдесыйлар жасайды

06.11.2014
Мүмкіндігі шектеулі жандар EXPO-2017 көрмесіне кәдесыйлар жасайды

Олар имиджілік кәдесый өнімдерін жасап, өздерінің дарындылығы мен шеберлігін көрсетеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Осыған орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында халықтық және сәндік-қолданбалы өнер қолөнершілердің арасында республикалық байқау ұйымдастырылады.

Байқау алты аталым бойынша өтеді: «Жаңа бастаған талант»; «Жоғары шеберлік»; «Ұлттық мәдени бренд»; «Эко-дизайн» (материалдың жаңа көркемдік нысан түрінде қайта жандандырылуы); «Тірі мұра»; «Ұлттық қазақстандық кәдесый».

Байқауға 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатыса алады. Өтініштер 31 қазаннан 12 қарашаға дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары 24 қарашада анықталады. Жүлдегерлер туристерге ұсынылатын EXPO-2017 имиджілік кәдесый өнімдерін жасау мүмкіндігіне ие болады. 

Хабарламаларға жазылу