Түлкібас ауданында ел игілігі жолында екі жаңа көпір ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Соның бірі Керейт ауылындағы ұзындығы 105 метр, ені 12 метр болатын көпір. Құрылысын мердігер «ЖБИ-С» ЖШС жүргізген бұл көпірге облыстық бюджеттен 233 млн. теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме бес айда құрылысын жүргізіп бүгінгі күні пайдалануға беріп отыр. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылында ұзындығы 27 метр болатын жаңа көпір қолданысқа берілді. Аталмыш көпір құрылысын «Мико-ойл» ЖШС жүргізген. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 63 млн. теңге қаржы бөлінген.