Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

20.09.2014
Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

Қызылорда облысы Сырдария ауданында халық көптен зарыға күткен көпір пайдалануға берілді. Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты іркіліп қалған болатын. Соның салдарынан дарияның арғы бетіндегі 21 мыңға жуық адам қыста қайықпен, жазда тозығы жеткен қалқымалы көпір арқылы бергі жағалауға қатынайтын.

Осы уақытқа дейін 13 елді мекеннің жиырма мыңнан астам адамы аудан орталығына қатынау үшін 180 шақырым жолды айналып өтетін.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу