Ақтауда классикалық музыка концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда классикалық музыка концерті өтеді

04.11.2014
Ақтауда классикалық музыка концерті өтеді

8 қарашада М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының симфониялық оркестры ақтаулықтарға опералық танымал ариялар және әлемдік танымал вокалдық классикалық музыкадан құралған концерттік бағдарлама ұсынады.

Концертте жеке орындаушы Шахризада Сапарова (сопрано), Әділ Аманов (тенор), Нүрияш Оспанова (сопрано), Шари Сабак (тенор) және дирижер Әділ Бестембеков алтын қордағы танымал классикалық музыкаларды орындайды.

Концерт бағдарламасында Иоганн Штраус, Людвиг ван Бетховен, Руджеро Леонковалло, Марат Сутюшев, Джузеппе Верди, Чайковский, Джакомо Пуччини және басқа да композитордлардың шығармалары, сондай-ақ, қазақтың халық әндері де орындалады. 

Сурет: lada.kz

Хабарламаларға жазылу